Оралда азаматтық белсенді Жандарбек Башанов жеті жылға сотталды

Сырым Қаржас
Фото: bureau.kz

Оралда азаматтық белсенді Жандарбек Башанов жеті жылға сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Мән-жай

Адам құқықтарын қорғау бюросының мәліметінше, Башановтың 11 тамызда Орал соты 7 жылға бас бостандығынан айырған. Оған «алауыздық қоздыру» және «терроризмді насихаттау» баптары бойынша айып тағылған.

Адвокат Салауат Беркалиевтің сөзінше, Жандарбек Башановтың үстінен іс қозғауға әлеуметтік желідегі жазбалары себеп болған. Ол желіде елдегі саяси жүйені, «теріс ағымдарды» сынап жазба жариялаған. Белсендінің өзі тағылған айыппен келіспейді. Апелляциялық шағым түсірмекші.

Жандербек Башановты биыл 21 наурызда үйінен қоқыс төгуге шыққан уақытта ұстаған. Содан бері ол тергеу изоляторында отыр.

Бұған дейін оны полиция «бейбіт наразылықтарға қатыспақ болғаны үшін» бірнеше рет ұстап, әкімшілік жазаға тартқан.