Синоптиктер елдің үш қаласының тұрғындарына ескерту жасады

Сырым Қаржас
Ulysmedia

Еліміздің бірнеше қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

“Қазгидромет” РМК мәліметінше, 2025 жылғы 17 тамызда Ақтөбе қаласында, ал түнде Атырау мен Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай болады.

АНЫҚТАМА

Мұндай кезде атмосферада зиянды заттардың шоғырлануы артып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Тұрғындарға келесі сақтық шараларын ұстану ұсынылады:

  • Далада, әсіресе, автожолдар мен өндірістік аймақтар маңында ұзақ уақыт жүрмеу;
  • Балалар мен жүкті әйелдерге далада ұзақ серуендеуден бас тарту;
  • Созылмалы тыныс алу жолдары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру;
  • Далада физикалық белсенділікті шектеу, спортпен ғимараттарда айналысу.