Тоқаев Макронмен телефон арқылы сөйлесті

Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президентімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Француз тарапының бастамасымен Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эмманюэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті.

– Мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастың қарқынды өрбіп келе жатқанын атап өтіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты, – деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ президенттер Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығы қарсаңында халықаралық күн тәртібі жөнінде пікір алмасты.

Еске салайық, бұған дейін Иордания Королі II Абдалла Қазақстанға ресми сапармен келетінін хабарлаған едік.

 

 

Сізге қызық болуы мүмкін