Кәрім Мәсімовтің қызы бұрынғы күйеуінен сотта жеңіліп қалды

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстан ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің қызы Тамилла Кәрім бұрынғы күйеуі Азамат Капеновтен мүлікті сот арқылы қайтарып ала алмады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Неке және мүлікті бөлу келісімі

Ерлі-зайыптылар 2013 жылдан 2019 жылға дейін некеде болған. Ал 2020 жылы мүлікті бөлу туралы келісімге қол қойған. Ол бойынша Қапенов Мәскеудің элиталық ауданы – Серебряный Борда орналасқан 1200 шаршы метрлік ғимарат пен 3 мың шаршы метрге жуық жер телімін алған. Бұл нысандардың жиынтық кадастрлық құны 750 млн теңгеден асады.

Соттағы даудың нәтижесі

Үш жылдан соң Тамилла келісімді даулап көрді, бірақ сот арызын қанағаттандырмады. Судья тараптардың мүлікті бөлу келісімін ерікті түрде бекіткенін алға тартқан. Оның үстіне, 2023 жылы Капенов даулы мүлікті үшінші тұлғаға сатып жіберген.

Апелляция және Қапеновтің жағдайы

Мәсімовтің қызының апелляциясы әзірге қаралмай отыр, құжаттар толық болмағандықтан, сот оны қыркүйектің соңына дейін қозғалыссыз қалдырды.

Бұған дейін

Еске салайық, бұған дейін ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтың бұрынғы күйеубаласы Азамат Қапенов бес күннен бері іздеуде жүргені хабарланған болатын. Ол жайлы ақпарат Бас прокуратураның құқықтық статистика порталында жарияланды.