Депутат Нартай Аралбайұлы жаңа қызметке тағайындалды

Сырым Қаржас
Фото: мәжіліс

Депутат Нартай Аралбайұлы жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Аралбайұлы республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясының жаңа президенті болып тағайындалды. 

2023 жылдан бастап федерация президенті лауазымын атқарған Айдос Мұқатаев қызметінен кетті. 

Нартай Сәрсенғалиев жаңа қызметке 28 тамыздан бастап кірісті.

- Сіздің бұл мәртебелі қызметке келуіңіз – еліміздегі спорт саласының жүйелі дамуына, халықаралық стандарттарға сай ілгерілеуіне тың серпін беретініне нық сенім білдіреміз, - делінген федерацияның әлеуметтік желідегі парақшасында. Ал сәттілік!