39 жастағы ер адам Австралияның Сидней қаласында Ресей консулдығының қақпасын көлікпен бұзып кірген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жай
1 қыркүйек күні таңертең, жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 08:00-де (Астана уақытымен 03:00), Сидней қаласындағы Ресей бас консулдығы маңында күдікті көлік туралы хабар түскен. Бұл – Вуллахра ауданындағы Фуллертон-стрит көшесінде орналасқан консулдық.
Полиция қызметкерлері оқиға орнына жетіп, көлік жүргізушісімен сөйлеспек болғанда, ол көлікпен консулдықтың қақпасын бұзып өткен.
Көлік пен жүргізуші туралы
Қақпаны бұзып кірген көлік — ақ түсті Toyota Kluger маркалы жол талғамайтын автокөлік. Көлікті басқарған 39 жастағы ер адам сол жерде ұсталып, Сарри-Хиллз полиция бөлімшесіне жеткізілген.
Зардап шеккендер
Оқиға кезінде 24 жастағы полиция қызметкері қолынан жарақат алып, сол жерде медициналық көмек көрсетілген. жоқ.
Ресей консулдығының мәлімдемесі
Ресей консулдығы оқиға бойынша мәлімдеме жасап, консулдық қызметкерлерінің ешқайсысы зардап шекпегенін және мекеме қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатқанын хабарлады.