"Айқайламаңызшы". Министр Сәденов журналистің сұрағына жауап бермей қойды

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Парламент кулуарындағы брифингте ішкі істер министрі Ержан Сәденовтен Ресейдің туристерді тексеру шаралары ruID қосымшасы туралы сұралды. Журналист Қазақстан да осындай айна-қатесіз шара енгізе ме деп сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрдің жауабы

Министрдің айтуынша, Ресейде жасалған жүйе – Қазақстан азаматтары ресейлік қызметтерді пайдаланғысы келген жағдайда қажет.

– Егер біз жай ғана турист ретінде жеке куәлігімізбен еркін кіріп, белгілі бір уақыт болып, қайта шыға берсек болады. Қазір бізде де осындай шаралар бар екенін айттым. Бұл көші-қон бақылауы. Ең алдымен, бұл қауіпсіздік үшін. Біз мемлекеттік органдар жүйелерін ықпалдастырумен айналысып жатырмыз, – деді Сәденов.

Дау

Осыдан кейін министр мен журналист арасында қысқа сөзталас туындады.

– Тақырыптан ауытқымай жауап беріңізші.
– Менің жауабым көңіліңізден шықпады ма?
– Жоқ.
– Онда болды.
– Қазақстанда осындай жүйе енгізіле ме?
– Айқайламаңызшы. Сіз тыңдамай отырсыз. Мен сізге жауап бермеймін.

Контекст

Еске салсақ, 30 маусымда Ресей шетелдіктердің биометриялық деректерін жинау жобасын ресми түрде іске қосты. Визасыз режимдегі елдердің азаматтарына, соның ішінде қазақстандықтарға, сапар алдында Бірыңғай сәйкестендіру және аутентификация жүйесінде тіркеліп, ruID арқылы кіруге өтініш беру ұсынылды.