Маңғыстауда мұсылман зиратында бұрын-соңды болмаған жағдай тіркелді, марқұмның қабіріндегі мәрмәр тақта ұрланған. Бұл туралы марқұмның жары Instagram-парақшалар арқылы жұртшылыққа жүгініп айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жесір әйелдің жанайқайы
Әйелдің сөзінше, отбасы күйеуінің дүниеден өткеніне бір жыл толуына дайындалып жүрген. Алайда зиратқа келгенде, қабір басындағы мрамор плитаның орнында жоқ екенін көрген.
– 67 жасқа келгенімше мұндайды бірінші рет көруім. Кейбіреулер «мәрмәр үшін шу шығарды» деуі мүмкін, бірақ ол мәрмәр марқұм күйеуімнен қымбат емес. Құдай оны алды, ал сендер тек тас емес, көтере алмайтын ауыр күнә алдыңдар. Менің сендерге жаным ашиды. Ар-ұяттарың қайда, адамгершіліктерің қайда?, – деп көзіне жас алды марқұмның жары Lada.kz-ке.
Қайталануы мүмкін әрекет
Әйел бұл қылмысқа барған адамның ар-иманы жоқ екенін айтып, мұндай әрекет қайта қайталануы мүмкін екенін де ескертті.