Солтүстік Қазақстан облысында қызметтік міндетін атқару барысында екі учаскелік полиция инспекторы жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ
2025 жылғы 6 қыркүйекте Чистополь – Шөптікөл автожолында Chevrolet Cobalt пен Toyota Camry соқтығысып, екі адам оқиға орнында қаза болды.
СҚО Полиция департаментінің мәліметінше, марқұмдар қызметтік міндетін орындап жүрген және мас болмаған. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.
ҚАЗА БОЛҒАНДАР
Апат құрбандары — полиция майоры Владимир Синицын және полицияның аға лейтенанты Даулетхан Қазыхан.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Ол қаза тапқан қызметкерлердің отбасына қажетті көмек көрсетілетінін және олардың есімдері ішкі істер органдарының жадында қалатынын атап өтті.