Хиджаб киген оқушыларды мұғалім көпшілік алдында сынға алды

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Қазақстандағы мектептердің бірінде хиджаб киген оқушы қыздарды мұғалім көпшілік алдында сынға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Желіде Қазақстан мектептерінің бірінде түсірілген видео тарады. Кадрда мұғалім бірнеше оқушы қызды қатарға тұрғызып, олардың діни киім кигені үшін көпшілік алдында ескерту жасағаны көрінеді.

ҚАЗНЕТ РЕАКЦИЯСЫ

Желі қолданушыларының ойы екіге бөлінген. Бірі мұғалімді қолдаса, енді бірі қыздарды қолдаған. 

- Хиджабқа ешкім шектеу қойған жоқ. Масқара, мұғалім неге бұлай істейді?

- Конституцияға орай дін бостандығын ешкімнің шектеуіне құқығы жоқ. 

- Бірдей форма болуы керек. Ал олар Ауғанстанға келгендей ештеңе естімейді. 

- Діни киіммен жүруге болмайтыны түсінікті, бірақ қыздарды осылайша көпшілік алдында ұялту мұғалім тарапынан кем дегенде педагогикаға сай емес қылық. Ата-аналарын әңгімеге шақырып, бөлек, зайырлы тұрғыда түсіндір, деп жатады ғой мұндай жағдайда... Қорқынышты, қандай сауатсыздық!

АЙТА КЕТЕЙІК

Еске сала кетейік, 2017 жылдан бері Қазақстанда мектеп формасына діни атрибуттарды қосуға тыйым салынған. 2023 жылы бұл шектеу ресми түрде тағы да расталды.

Бұған қоса, жоғарғы сот бұған дейін оқушыны хиджаб таққаны үшін сабақтан шеттетуге болмайтынын айтқанымен, діни киімге салынған тыйымның өзі күшінде қалған.