Сәтпаев Қазақстан армиясындағы маңызды проблема туралы айтты

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Саясаттанушы Досым Сәтпаев Қазақстан армиясындағы маңызды проблема туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Саясаттанушының пікірінше, билік ұзақ уақыт бойы елдің қарулы күштерін дамытуға жеткілікті көңіл бөлмеді.

Досым Сәтпаев бірнеше ондаған жылдар бойы Қазақстан бейбітсүйгіш саясат жүргізіп, әскери қақтығыс мүмкіндігін мүлде ескермегенін атап өтті. Сондықтан, оның ойынша, билік үшін армияны дамыту мәселесі басты орында болмады.

- Қазақстан армиясының проблемасы мемлекет мүддесінің шетінде ұзақ уақыт қалып қойғанында. Тіпті сыртқы саясат тұрғысынан да біз 30 жыл бойы қауіпсіздік парадигмасында өзімізді бейбіт ел ретінде таныттық. Ресми деңгейде әрдайым бізге ешкім шабуыл жасамайды, барлық жерде бейбітшілік пен тұрақтылық орнайды деп мәлімдедік. Біздің әскери доктринада да қызық бір тезис бар: "Қазақстанның әскери саясаты әскери қауіп-қатерлерді барынша азайтатын халықаралық жүйе құруға бағытталуы тиіс". Бірақ олар қалай азаяды? Біз халықаралық жүйеге қалай әсер ете аламыз? Біздің әскери саясатымыз шынымен бір нәрсеге ықпал ете ала ма?, – деді саясаттанушы Airan YouTube арнасындағы эфирде.

РЕФОРМАЛАР

Бұған дейін Досым Сәтпаев армиядағы басты мәселе тактика, стратегия және офицерлік құрамды даярлау ісінде «ҰҚШҰ-ның көлеңкесі» байқалатынын айтқан еді. Оның пікірінше, Қазақстанға қазіргі заман талабына сай армия құруды меңгерген жаңа әскери басқарушылар қажет. Себебі әскерде бейімделу мен динамика керек.

Саясаттанушы қазіргі кезде жаңа әскери ойлау жүйесінің жоқ екенін де атап өтті.