Ресей мектептерінде оқытылатын тілдердің үштен бірі жойылу қаупінде тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Ресей ғылым академиясы Тілдер институты қазақ тілін «шектеулі ауылдық» санатына жатқызады, деп жазады Ведомости. Бұл тілді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу негізінен ауылдарда сақталғанын және оның иелері өзара үнемі сөйлесетінін білдіреді. Осы санатқа қазақ тілінен бөлек авар, адыгей, бурят, лезгин, чуваш тілдері де кіреді. «Шектеулі ауылдық» тілдердің әрқайсысының сөйлеушілері 6500-ден 1 млн адамға дейін өзгереді.
ТІЛ
Жалпы Ресей мектептерінде 76 халық тілі оқытылады. Жойылу қаупінде тұрған тілдерде тұрақты қарым-қатынас жүрмейді. Алғашқыларына урал тілдерінен водь, ижора, саам және энец тілдері, чукот-камчат тілдерінен ительмен тілі, түркі тілдерінен тофалар тілі жатады. Жойылу қаупінде тұрған тілдер санатына Ресей мектептерінде оқытылатын 17 тіл енген. Олардың қатарында идиш, карель, фин, коряк, вепс және басқалары бар.
ҒАЛЫМ ПІКІРІ
Тілдер институтының директоры Андрей Кибриктың айтуынша, уақыт өте келе орыс тілінен басқа барлық тілдер өз позициясын жоғалтып келеді. Бұл тек шағын этностардың тілдеріне ғана емес, республикалардың тілдеріне де қатысты. Ұзақ уақыт бойы жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, тіл тасымалдаушылары азайып барады, ал балалар көбіне тек орыс тілін меңгереді. Тіпті алыс этникалық аймақтардағы оқушылар да мектепке тек орыс тілін біліп келеді, дейді ол.