Алматыда электр энергиясының шекті бағасын келісу жөнінде қоғамдық тыңдау өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
«Алатау Жарық Компаниясы» өкілдері 1 қазаннан бастап электр қуатының бағасын 20%-ға көтеруді ұсынды – яғни 1 кВт/сағат үшін 31,85 теңгеден 38,01 теңгеге дейін.
СЕБЕП
«Энергосбыт» компаниясында тариф өсімінің негізгі себептері аталды:
аймақтық желілер арқылы электр жеткізу тарифінің 12,3-тен 14,3 теңгеге дейін қымбаттауы;
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының желілері арқылы жеткізу тарифінің 48%-ға өсуі;
биыл қазан айынан бастап 13,99 теңге/кВт·сағат көлемінде өтемдік тарифтің енгізілуі.
КОНТЕКСТ
Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімхановтың айтуынша, Қазақстанда электр энергиясының станциялардағы бағасы жыл соңына дейін өзгермейді. Дегенмен, ол жекелеген өңірлерде халық үшін тарифтің көтерілуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.