Алматы қамаудағы блогер, белсенді Мирболат Мырзатайұлының жақтастары баспасөз мәслихатын өткізіп, оны босатуды талап етті деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Саяси қудалау»
Азвокат Жанар Балғабаева Мирболат Мырзатайұлының қамалып, үстінен іс қозғалуы саяси қудалау деп есептейді.
«Істің қалай жүріп жатқанын мен айта алмаймын. Менің қорғауымдағы Мирболат Мырзатайұлы да, мен де «қазақша сөйле» деген ол қылмыс емес. Екіншіден, мына іс саяси қудалау деп ойлаймыз», – дейді адвокат.
Оның сөзінше, іс 9-шы шілдеде әлеуметтік желіде жарияланған видеоға байланысты қозғалған. Ешкім арыз жазбаған, іс полиция желіге мониторинг жасағаннан кейін қозғалған. Видеоға сараптама жасалған. Адвокат алдағы уақытта қосымша тәуелсіз сараптама жасатпақшы.
«Миына кететін тамырдың елу пайызы бітелген»
Белсендінің әйелі Гүлшат Бишуинова күйеуін босатуды талап етті. Ол күйеуінің денсаулығына алаңдаушылық білдірді.
«Жалпы, денсаулығына байланысты, оның миына кететін тамырдың елу пайызы бітелген. Ол ылғи да дәрі ішіп отыратын. Қазіргі психикалық әсерден кейін оның жағдайын нақты білмейміз. Бірақ өткенде карантинде болды мен барып кеткенде. Сонда укол ғана салып береміз, басқа дәрі бере алмаймыз деді. Енді осы сәрсенбі дәрі алады екен, дәрісін апарып береміз», – деді ол.
Жер дауынан кейін қозғалған қылмыстық іс
Мейірболат Мырзатайұлы ұсталған күні онымен бірге жер мәселесі бойынша Талғарға бірге барған азаматтық белсенді Құдайғашүкір Абдуллаев қозғалған істі сол жер мәселесімен байланыстырады.
«Төрт гектар жерді Қытайға сатқанын біз көріп отырмыз. Жаңағы жерде жазулы тұр. [Қытайды] ауыл тұрғыны деп жазып қойыпты жаңағы. Біз әкімге айттық, көрсетші, мынау ауыл тұрғыны ма, сен әкімсің ғой, көрсетші бізге. «Жоқ ол бұл жерде тұрмайды, Алматы қаласында тұрады» дейді. Енді осындай заңсыздықтар болып отыр ағайындар. Одан кейін сағат төртте біз қайтып кеттік... Азаматымыз журналист ретінде түсірді. Барлығын әлеуметтік желіге шығарамын деп ТикТок желісіне түсірді. «Мен үйге барғаннан кейін барлығын өзім шығартамын» деген болатын. Мен өз көлігіммен барғанмын, өз көлігіммен кетіп қалдым. Ол өзінің көлігінде отырған. Енді содан ұстап алып, бір жау көргендей, маска киіп алғандар апарып, ұрып-соғып, азаматымызды қамап отыр», – деді белсенді.
Мирболат Мырзатайұлы ұсталған уақытта Алматы қаласының полиция департаменті оның үстінен қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша іс қозғалғанын айтқан. Кейіннен ол сот санкциясымен екі айға қамауға алынған.
«Бишуиновқа қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 174-бабымен қылмыстық іс қозғалған. Сол бойынша қылмыстық-процесуалдық кодекстің 128-бабына сәйкес, ұсталды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қорғаушысы бар... Сол бойынша екі күн ішінде сот шешімімен санкциясын қарайды. Сотқа дейін отыра ма, отырмай ма деген сияқты», – деген сол уақытта Аламыт қаласы полиция департаментінің тергеу басқармасы басшысының орынбасары Болат Қасымбаев сол уақытта.
2-ші қыркүйекте Мирболат Мырзатайұлының туыстары оның жоғалып кеткенін айтып, әлеуметтік желіде дабыл қаққан. Кейіннен оны полиция ұстағаны белгілі болған.
54 жастағы Мейірболат Мырзатайұлы «Журналистік зерттеулер агенттігі» You Tube арнасының авторы. Бұған дейін ұзақ жыл мемлекеттік телеарналарда қызмет істеген. Қазір арнаның 64 мыңнан астам жазылушысы бар. Негізінен елдегі сот процестері, митинг, пикеттерден ақпарат таратады.