Израиль Газа секторындағы көне мешітті жойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Израильдің Газаға жасаған жерүсті операциясы кезінде XIII ғасырда салынған Әл-Айбаки мешіті қиратылды. Бұл туралы Al Jazeera мен Tasnim News агенттіктері хабарлады. Әлеуметтік желілерде мешітке тура тиген зымыран сәті бейнеленген видео жарияланды.
ОПЕРАЦИЯ
16 қыркүйекке қараған түні ЦАХАЛ Газа қаласын басып алу операциясын бастады. Алдымен қала артиллериялық соққыға ұшырап, содан кейін 162 және 98-дивизия бөлімшелері шаһар аумағына тереңдей енді. Израиль халықаралық қауымдастықтың реакциясына қарамастан, алға қойылған міндеттер толық орындалғанға дейін әскери операцияны жалғастыратынын мәлімдеді.
КОНТЕКСТ
БҰҰ-ның тергеу комиссиясы Израиль Газада геноцид жасады деген қорытындыға келген болатын. Сондай-ақ комиссия Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бастаған жоғары лауазымды шенеуніктерді бұл қылмыстарға арандатушылық жасады деп таныды.