Алматыда Амантай қажы көпірдің астына жазу жазып кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл туралы Threads қолданушысы жазды.
- Сейфуллин – Райымбек көшелеріндегі жаңадан жөнделген көпірге күндіз еш қысылмай келіп, шимайлап, бүлдіріп кеткен. Мұндайларды әкімшілік жұмыстарға тартып, жасағанын өзіне жуғызу керек, дейді жазба авторы.
ПОЛИЦИЯ
Ұлыс тілшісі бұл жағдайға қатысты полициядан ресми жауап беруін сұрады.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін шілде айында әлеуметтік желіде Амантай қажының әйелді баспалдақтан итеріп жібергені туралы видео тараған еді. Кейіннен Алматы ПД «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаған.