Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт Fox News эфирінде америкалық консерватив белсенді Чарли Кирктің жерлеу рәсіміне дайындық туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Рәсім жексенбі, 21 қыркүйек күні Аризона штатының Глендейл қаласындағы State Farm стадионында өтеді. АҚШ президенті Дональд Трамп, вице-президент Джей Ди Вэнс, Өкілдер палатасының спикері Майк Джонс және бірнеше федералды министр сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр.
Левиттің айтуынша, саясаткерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қаралы шараға АҚШ әкімшілігі қызметкерлерімен екі ұшақ жіберіледі.
КОНТЕКСТ
Еске салайық, Turning Point USA ұйымының теңқұрушысы, америкалық консерватив белсенді Чарли Кирк 2025 жылғы 10 қыркүйекте Юта штаты, Орем қаласындағы Юта аңғары университетінде (Utah Valley University) сөз сөйлеп тұрған сәтінде оққа ұшты. Оның өліміне күдікті ретінде 22 жастағы Тайлер Джеймс Робинсон аталды.