Қазақ асханасындағы ең пайдалы тағамдар аталды. Маман екі ас түрін ерекше бөлеп көрсетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Медицина профессоры Алмаз Шарман иммунитетті нығайту үшін қазы мен қымызды тұтынуды ұсынады.
Оның айтуынша, қазы ағзадағы жүрек пен қан тамырларының жұмысына маңызды омега-3 май қышқылдарының қажеттілігін өтейді. Ал қымыз – бүкіл адам ағзасының жұмысын жақсартатын ерекше сусын.
– Қымыз – өте ғажайып сусын, ол тек ақуызға бай емес. Мысалы, сиыр сүтінде казеин бар, ол да пайдалы, бірақ казеин адамның ағзасына бие сүтіндегідей жақын емес. Бие сүтіндегі ақуыз – альбумин, ол ана сүтінде де кездеседі. Біріншіден, ол ақуызға бай. Екіншіден, онда пробиотиктер өте көп. Сондай-ақ қымызда С дәрумені мен лизоцим де мол, ол иммундық жүйені күшейту арқылы ағзаны қорғайды, – деді ол Airan YouTube-арнасына берген сұқбатында.