Алматыда 83 жастағы қоғам қайраткері Амантай қажыға қатысты сот өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ол әйелді баспалдақтан итеріп жіберді деп айыпталған болатын.
Сот тараптардың татуласуына байланысты істі тоқтатты.
– ҚР Қылмыстық кодексінің 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес, егер жеңіл немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірілсе және тараптар татуласса, іс тоқтатылуы мүмкін. Осыған орай іс қаралып, тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды. Процесс қатысушысы кінәсін мойындады, ал жәбірленуші айыпталушыға ешқандай шағымы жоқ екенін айтып, оны кешірді, – деп мәлімдеді Алмалы аудандық сотында.
КОНТЕКСТ
Шілде айында әлеуметтік желіде Амантай қажының әйелді баспалдақтан итеріп жібергені туралы видео тараған еді. Кейіннен Алматы ПД «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаған.
Артынша Амантай қажы әйелді баспалдақтан итеріп жібергенін жоққа шығарды.