24 қыркүйекте кей аймақтарда жаңбыр мен қар жауады

Сырым Қаржас
pixabay.com

Синоптиктер 24 қыркүйекте ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

24 қыркүйекте Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 24 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

24 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. 24 қыркүйекте облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 24 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 24 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

24 қыркүйекте Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

24 қыркүйекте Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

24 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ.: 24 қыркүйекте оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 15-20 м/с күтіледі.

24 қыркүйекте түнде Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

24 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 24 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.

24 қыркүйекте түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: 24 қыркүйекте оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

24 қыркүйекте түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с.

24 қыркүйекте күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қ.: 24 қыркүйекте оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

24 қыркүйекте түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

24 қыркүйекте Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

24 қыркүйекте Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

24 қыркүйекте түнде Алматы облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

24 қыркүйекте Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

24 қыркүйекте күндіз Абай облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.