Қырғызстанда 24 шенеунікті жиналыста отырған жерінен ұстап алып кетті

Сырым Қаржас
Фото: Қырғызстан ҰҚМК

Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінде өткен жиналыс барысында министрліктер мен ведомстволардың 24 өкілі ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

«Sputnik Кыргызстан» мәліметінше, Ұсталғандардың арасында 7 салық қызметкері, 6 шекарашы, 7 фитосанитарлық қызмет өкілі және Көлік министрлігінің 4 салмақ-бойлық бақылау қызметкері бар. Олардың барлығы Чүй облысындағы Қазақстанмен шекаралас «Чалдовар-Автожол» өткізу бекетінде контрабандаға қатысы бар деп күдікке ілінді.

Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің мәліметінше, лауазымды тұлғалар ЕАЭО елдерінен тауарды заңсыз әкелу бойынша схема құрған. Ол үшін жалған құжаттар пайдаланылған.

ТЕРГЕУ

Арнайы қызметтің тергеушілерінің айтуынша, бұл сызбаға Чалдовардың жергілікті кеңеш депутаты мен Өзбекстан азаматы да қатысқан. Соңғысы контрабанда үшін өз фирмаларын пайдаланған. Мемкомитеттің мәлімдеуінше, аталған тұлғалар шенеуніктерге заңсыз тасымалды «көрмегендей» болу үшін үнемі пара беріп отырған.

АРНАЙЫ СХЕМА

Комитет «жүк итерушілер» контрабандалық жүк тиелген әр фура үшін нақты меншік иелерінен 2 мың долларға дейін ақша алғанын анықтады. Мемлекеттік органдардың шенеуніктері болса, соның ішінде 57-ден 80 долларға дейін сыйақы алып отырған.