Мұрат Нұртілеу сыртқы істер министрлігі басшысы қызметінен кетті , деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТАҒАЙЫНДАУ
Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.
Ол бұрынғы атқарған лауазымы – сыртқы істер министрлігі басшысы қызметінен босатылды.
БҰҒАН ДЕЙІН
Мұрат Нұртілеу сыртқы істер министрі әрі үкімет басшысының орынбасары болып 2 жыл қызмет атқарды. Оған дейін Президент әкімшілігінде әртүрлі қызметтерде болды.