АҚШ Зеленский мен Путиннің кездесуін Қазақстанда өткізуге дайындалып жатыр — украиналық сарапшы

Сырым Қаржас
myseldon.com

АҚШ пен Украина президенттері келіссөз алаңы ретінде Қазақстанды қарастырған болуы мүмкін. Бұл туралы украиналық саясаттанушы Михаил Шейтельман айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Шейтельманның айтуынша, Владимир Зеленский мен Дональд Трамптың келіссөздері Астанада өтуі мүмкін.

– Қазақстан. Астана. Бұл – жаңа басты нышандар. Енді Трамп пен Зеленский бірлесіп, Путинді өзінің «қағаздан тұрғызылған бекінісінен» шығаруға тырысуда. «Қаласаңыз, Қазақстанда кездесеміз» деген ұсыныс айтылады (Зеленскийдің Трампқа сөзі – ред.). Меніңше, бұл – көптен айтылып келе жатқан «Минск» форматына балама қадам. Мәскеуден кейін Путин «Минск» деуі тиіс еді, бірақ біз бұған дейін «Қазақстан, Астана» дедік. Ал қазір америкалықтар келіссөздің алаңын дәл осы Орталық Азияда дайындап жатқан сияқты, – деп жазады Politeka сарапшының пікірін келтіріп.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскиймен кездескен болатын

Сонымен қатар, Кремль Путин мен Зеленскийдің Қазақстанда кездесуіне қатысты пікір білдірді