Қазақстандағы жанар-жағармай нарығында бағаның өсуі жалғасады. Мұндай болжамды мұнай-газ саласының маманы, компанияның бас директоры Расул Абдухалилов жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Абдухалиловтың айтуынша, мемлекеттік реттеуден бас тарту – нарықтық реформаларға жасалған маңызды қадам. Оның сөзінше, Қазақстанда жанар-жағармай бағасын реттеу тәжірибесі 2000 жылдардан басталған. Сол кезде мемлекет бағаны ұстап тұру үшін жеткізілім көлемі мен шекті бағаларды белгілеген. Алайда мұндай әдіс уақыт өте келе нарықтағы тепе-теңдікті бұзып, тапшылық туғызған.
БОЛЖАМ
Сарапшының болжамынша, бензин мен дизель бағасы 2026 жылдың соңына дейін өсіп, Ресей нарығындағы деңгейге жақындайды. Ол сондай-ақ мұндай реформалар бүкіл өңірге әсер ететінін, әсіресе жанармай нарығы әлі де қатаң реттелетін Әзербайжан үшін қызықты болуы мүмкін екенін атап өтті.
Айта кетейік, Қазақстанда биыл ақпанда жанар-жағармай бағасына мемлекеттік реттеу алынып тасталғаннан кейін, бензин 14%-ға, дизель отыны 10%-ға қымбаттаған еді.