Алғашқы АЭС атауы: қазақстандықтар бір күнде 10 мыңға жуық нұсқа ұсынды

Сырым Қаржас
Ulysmedia коллажы

Қазақстанда алғашқы атом электр станциясына атау беру бойынша жалпыұлттық конкурс басталған алғашқы тәулікте 9 945 өтініш түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Конкурс 25 қыркүйек күні сағат 12:00-де басталды. eGov Mobile мобильді қосымшасының пайдаланушылары push-хабарлама алды және басты беттегі арнайы баннер арқылы өз нұсқасын ұсына алады.

Бастаманың мақсаты – болашақ станция атауын оның тарихи, мәдени және ұлттық маңызын айқындайтындай етіп таңдау.

ҚАЛАЙ ҚАТЫСУҒА БОЛАДЫ?

Конкурсқа кез келген Қазақстан азаматы қатыса алады. Ол үшін:

  • тілді таңдау қажет (қазақ немесе орыс);
  • өз нұсқасын ұсыну;
  • қаласа, оның мағынасын қысқаша түсіндіру;
  • ресми ережелермен танысқанын растауы керек.

Ұсыныстар 2025 жылғы 10 қазан сағат 23:59-ға дейін қабылданады. Байқау ережелерімен Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде танысуға болады.

Ұйымдастырушылар ел тұрғындарын отандық энергетика тарихына үлес қосуға және алғашқы АЭС атауын таңдауға шақырды.