2025 жылдың қаңтар–шілде айларында Өзбекстанға 1,5 миллион Қазақстан азаматы сапарлаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Мәліметтер Өзбекстанныңмемлекеттік статистика комитетінен алынған. Көрсеткіш былтырғы осы кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай артқан — сапарлар саны 620,7 мыңға (39,3%) көбейген.
Қазақстандықтардың басым бөлігі Өзбекстанға туыстарын көруге барған – 1,246 млн адам. Сондай-ақ сапарлардың мақсаты мынадай:
Еске салайық, шілде айында Қазақстан мен Өзбекстан Алматы – Ташкент және Астана – Ташкент бағыттарын қоса алғанда, елдер арасындағы тұрақты рейстер санын арттыруға келіскен.
Сонымен қатар тараптар тұрақты әуе рейстерін орындауға арналған жаңа бағыттар тізімін кеңейтуге уағдаласты. Бұл көлік қолжетімділігін жақсартып, туристік алмасуды ынталандыруға тиіс.