Әнші Рүстем Жүгінісов айыппұлмен құтылып кетті

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Астанадағы әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот әнші Рүстем Жүгінісовті ҚР Әкімшілік кодексінің 453-бабы бойынша кінәлі деп тауып, 78 640 теңге айыппұл төлеуге міндеттеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СОТТА ҚАРАЛҒАН ЖАҒДАЙЛАР

Бірінші оқиға 2023 жылдың 31 желтоқсанында тіркелген. Жүгінісов TikTok-та Жаңа жылды атап өту қажет пе деген сауал қойып, бұл мерекені пайғамбар да, ата-бабаларымыз да тойламағанын алға тартқан.

Екінші жағдай Ақтөбеде болған. Әнші мешітте түсірілген бейнежазбаға пікір қалдырып, ондағы қызға «бір реттік неке» туралы астарлы ұсыныс жасаған ер адамның әрекетіне байланысты өз ойын білдірген. Ол қызды арандатушылық жасады деп айыптап, мешітке тек әкесінің немесе ағасының еріп барғаны жөн екенін айтқан.

САРАПШЫЛАРПІКІРІ

Сотқа ұсынылған сараптама қорытындысында Жүгінісовтің мәлімдемелері қоғамда діни алауыздық туғызу қаупін тудырады деген баға берілді.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Жүгінісов сотқа тартылғанын хабарлаған едік