Әлеуметтік желіде әскердегі тағы бір әлімжеттіктің видеосы тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Әлеуметтік желіде әскерде сарбаздарға қол жұмсалған сәт түсірілген видео тарады.
Видеода ер адам қатарда тұрған сарбаздарды теуіп, түрлі былапыт сөз айтып жатады.
МИНИСТРЛІК НЕ ДЕЙДІ
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, видео «Қырғызфильм» киностудиясы түсірген «Баткен» көркем фильмінің үзіндісі.
- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне ешқандай қатысы жоқ. Роликке қазақ тіліндегі дыбысжол жасанды интеллекттің дипфейк технологиясы арқылы жүктелген. БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын тексерілмеген ақпаратты таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз. Жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз, дейді министрлік өкілдері.