Атырауда ер адам 8 жасар қызды ұрлап кетпек болған

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Атырауда 29 қыркүйек күні кешке 8 жасар қызды белгісіз ер адам ұрлап әкетпек болған. Оқиға шамамен сағат 21:00-де Нұрсая «Болашақ» ықшамауданында болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Atyrau Today мәліметінше, куәгерлердің айтуынша, бейтаныс ер адам баланы көшеден әкетпек болған. Өтіп бара жатқан адамдар күдікті әрекетті дер кезінде байқап, ер адамды тоқтатып, қызды анасына қайтарды. Бұдан кейін олар полиция шақырған. Алайда, куәгердің сөзінше, полиция келмеген. Ақыр соңында алаңдаған тұрғындар баланың анасымен бірге кезекші бөлімге өздері барған.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Кейін Атырау облыстық полиция департаменті оқиға болғанын ресми түрде растады.

– Аталған факт бойынша 1987 жылы туған күдікті анықталып, ұсталды. Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді, – деп хабарлады полиция.