Қазан айында ауа райы тұрақсыз болады

Сырым Қаржас
basman.mos.ru

Синоптиктер қазан айында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БІРІНШІ ОНКҮНДІК

Солтүстік-батыс антициклонымен байланысты қыркүйек айының соңындағы суық ауа райы қазан айының басында да сақталады. Қазақстанның басым бөлігінде түнгі уақытта температуралық фон -1-6°С, күндіз +2+9°С күтіледі.

Бірақ, бірінші онкүндіктің екінші жартысында Орталық Азия мен Жерорта теңізінің шығыс жағалауынан жылы ауа массаларының шығарылуымен түнгі және күндізгі температура жоғарылайды:

  • елдің батысында түнде +7+12°С дейін күндіз +17+25°С дейін;
  • солтүстігінде, шығысында түнде +2+8°С дейін, күндіз +10+18°С дейін;
  • республиканың шығысында түнде +2+7°С дейін, күндіз +15+23°С дейін;
  • оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде +5+12°С дейін, күндіз +20+28°С дейін.

Онкүндіктің соңында Қазақстанның солтүстік-батыс жартысында ауа температурасының шамалы төмендей бастайды. Елдің оңтүстік жартысы мен шығысында бұл суық толқын екінші онкүндіктің басына келеді.

ЕКІНШІ ОНКҮНДІК

Екінші онкүндікте елдің басым бөлігінде қайтадан жылы болады, ауа температурасы күндіз +13+18°С, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +22+27°С дейін жылынады.

ҮШІНШІ ОНКҮНДІК

Үшінші онкүндікте ауа температурасы төмен бола бастайды. Түнде жекелеген күндерде ауа температурасының -1-6°С дейін, елдің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде -7-12°С дейін, күндіз 0,+8°С дейін төмендеуі күтіледі. Елдің оңтүстік жартысында ауа температураның түнде -1-6°С-тан +3+8°С-қа дейін, күндіз +5+13°С-тан +13+20°С-қа дейін ауытқуы болжанады.

Осылайша суық ауа райынан басталған қазан айы бірінші және екінші онкүндіктерінің ортасында жылы болады, бірақ айдың аяғында қыстың жақындағанын тағы да еске салып, күн суыта бастайды.

Бір ай ішінде ауа райы тұрақсыз болады деп болжанып отыр: тұман, көктайғақ, екпінді жел, айдың екінші жартысында елдің солтүстік жартысында жаяу бұрқасын болуы ықтимал.