Шенген визасын алу қиындай ма: жаңа ереже

Ілияс Бақыт
Ашық дереккөзден

2025 жылдың 12 қазанынан бастап Еуроодақ шекараларында жаңа Кіру/Шығу Жүйесі (КШЖ) іске қосылады. Бұл жүйе шекаралық бақылауды жылдамдату мақсатында енгізілмек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЕУРООДАҚ ШЕКАРАДАҒЫ БАҚЫЛАУДЫ ҚАТАЙТАДЫ

Алғашында 2024 жылдың қарашасында іске қосылуы жоспарланғанымен, ЕО елдеріне дайындалуға қосымша уақыт беріліп, енгізу мерзімі кейінге шегерілген.

БИОМЕТРИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ: ПАСПОРТ ШТАМПТАРЫМЕН ҚОШТАСУ

КШЖ (Кіру/Шығу Жүйесі) — биометриялық жүйе. Ол ЕО-ға кірмейтін елдердің азаматтарының 90 күнге дейінгі қысқа мерзімді сапарларын тіркейді. Жүйе саусақ іздері мен бет бейнесін жинап, паспортқа штамп қою қажеттілігін жояды.

ШЕНГЕНГЕ КІРУ: ЕНДІ ПАСПОРТ ИНСПЕКТОРЫМЕН КЕЗДЕСПЕЙСІЗ

Yle шолушыларының түсіндіруінше, Шенген аймағына алғаш рет кірген кезде үшінші ел азаматтарының биометриялық деректері мен шекарадан өту ақпараты Еуропалық реестрге енгізіледі. Кейін Еуропаға келген адам автоматты бақылау құрылғысы арқылы шекараны кесіп өте алады. Паспортқа штамп қою толығымен тоқтатылады.

ӨТКЕЛДІК КЕЗЕҢ: ШТАМПТАР ӘЛІ ДЕ ҚОЙЫЛАДЫ

2025 жылдың 12 қазанынан 2026 жылдың 10 сәуіріне дейін барлық жолаушылардың паспортына штамптар қойыла береді7 Осылайша, жүйені толық енгізуге алты айлық өтпелі кезең белгіленген.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ЕУРОПАҒА САПАРЫ: МИЛЛИОНДАР ЖҰМСАЛДЫ

2024 жылы Қазақстан азаматтары Шенген визасын алу үшін 179,4 мың өтініш берген. Виза алғандар бұл рәсімге жалпы 14,3 миллион еуро жұмсаған. Бұл деректерді Schengenvisainfo.com сайты келтіреді.