Мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мемориалы: мұздағы би мен жасөспірімдер арасында үздіктер анықталды

Сырым Қаржас
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

4 қазанда Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мемориалының соңғы күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Ulyssport.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мұздағы би бағдарламасында Грузиядан келген Диана Дэвис пен Глеб Смолкин жеңіске жетті. Олардың жалпы көрсеткіші - 193.14 ұпай. Екінші орынға АҚШ спортшылары Уна Браун мен Гейдж Браун (178.86) жайғасса, үздік үштікті Швеция жұбы Милла Рейтан мен Николай Майоров (177.25) түйіндеді.

Қазақстандық спортшылар Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова 131.59 ұпаймен тоғызыншы орынға табан тіреді.

Жасөспірімдер арасында тек қазақстандық спортшылар бақ сынады. Олардың ішінде ең үздік нәтиже көрсеткен Артур Смағұлов болды. Ол 159.59 ұпай жинады. Күміс жүлдені Никита Козлов (134.97) иеленсе, қола медаль Кенан Бердібаевқа бұйырды - 126.42 ұпай.