"300 миллионның мұнайын ұрлаған" күдікті Қазақстанға экстрадицияланды

Сырым Қаржас
скриншот

Ақтөбе облысында заңсыз мұнай сатты деген күдікке ілінген адам Бірікке Араб Әмірліктерінен Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Экстрадицияланған азамат коммерциялық ұйымның бас директоры қызметін атқарған. 2022-2023 жылдары Ақтөбе облысында заңсыз “аса ірі көлемде – 300 миллион теңгеден астам сомаға мұнай сатқан”. Кейіннен оған халықаралық іздеу жарияланған. 2024 жылы Дубайда жүргені анықталған.Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланған. Қазіргі тергеу изоляторында қамауда отыр.

Контекст

2025 жылдың жарты жылдығында Қазақстанға 27 адам экстрадицияланған. Ал Қазақстаннан өзге елдерге 66 адам қайтарылған.