"Туысқан мүгедек інісін зорлады" деп айыпталған ағайынды үш жігітке сот үкімі шықты

Ulysmedia
Фото: kursiv.media/ Дилара Иса

Түркістан облысының Келес ауданында туысқан мүгедек інісін зорлады деп айыпталған ағайынды 3 жігіт 9 жылға сотталды,  деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Облыстық сот мәліметінше, сотталушыларға «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бабы бойынша айып тағылған. Күдіктілердің бірі бұған қоса «Ұрлық» бабымен айыпталған.

Сот тергеуіне қарағанда, сотталушылардың бірі биыл 7 ақпанда жәбірленушінің үйіне ұрлыққа түскен. 24 жастағы жәбірленуші, ІІ топтағы мүгедектің дәрменсіз күйін пайдаланып, онымен жыныстық қатынасқа түскен. Көп ұзамай жәбірленуші анасымен бірге сотталушылының үйіне моншаға түсуге келген. Сол уақытта үш сотталушы алдын ала сөз байласып, жәбірленушімен жыныстық қатынасқа түскен.

Сот жарыссөзінде прокурор айыпталушылардың барлығын кінәлі деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Сотталушылар өздеріне тағылған айыппен келіспеді.

Жәбірленуші тарап соттан қатаң жаза беруді талап етіп, 15 миллион теңге моральдық шығын өндіруді сұрады. Сот сотталушылардан 5 миллион теңге моральдық шығын өндіруді міндеттеді.

Сотталушылардың қорғаушылары мен туыстары апелляциялық шағым түсірмек.