7 қазанда Маңғыстау облысы бойынша Шекара қызметі департаментінде жазатайым оқиға болып, мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға техникалық жұмыстар кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамауы себеп болған.
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС
Полиция органдары қылмыстық іс қозғады, қосымша қызметтік тергеу жүргізілуде.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, 18 қыркүйекте әскерде тағы трагедия болды. Мәтібұлақ ауылында орналасқан №01098 әскери бөлімінде 19 жастағы мерзімді қызметтегі сарбаз Дінмұхаммед Шынарбек өлі табылды.
Сонымен қатар, Жетісу облысында тағы бір сарбаз қаза тапты. Ал Алматыда мерзімді әскери қызметтегі сарбаз көпқабатты үйден секіріп кетті. Ол ауруханада ем қабылдап жатыр.
Алматы қаласында жас сарбаз Нұрасыл 2025 жылдың күзінде әскерге шақырылып, бар болғаны бір апта өткен соң қаза тапты.