Халыққа аузына келгенін айтқан Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан ауданына қарасты Шілікті ауылдық округінің әкімі Қуаныш Төлеуханның ісі сотта қаралады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ПОЛИЦИЯ ЖАУАБЫ
ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, полиция қызметкерлері ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша құқық бұзушылық жасаған 36 жастағы әкімді әкімшілік жауапкершілікке тартты.
- Жиналған материал соттың қарауына жіберілді, дейді полицейлер.
ВИДЕО
Әлеуметтік желіде тараған видеода ауыл әкімі қабылдауға келген ауыл тұрғындарымен дөрекі сөйлесіп, былапыт сөздер айтқанын көруге болады. Жиналыста ауыл тұрғындарынан бөлек полиция қызметкері де болған.
БҰҒАН ДЕЙІН
Бұл жайтқа қатысты ШҚО әкімдігі де жауап берген болатын.