Бокстан Қазақстан құрамасының жаңа капитаны кім

Ulysmedia

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны болған Абылайхан Жүсіпов кәсіпқой боксқа ауысты. Осыған байланысты бас бапкер Қайрат Сәтжанов кімнің құрама капитаны болғанын хабарлады, деп жазады Sports.kz.

Фото: ашық дереккөзден

"Жиналыс болды. Боксшылар мен ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабы Асланбек Шымбергеновті капитан ретінде таңдады", - дейді бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов.

Айта кетейік, бұған дейін бокстан әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері Абылайхан Жүсіпов мансабын кәсіпқой бокста жалғастыратыны хабарланған болатын.