Жалақыны кеміткен кәсіпкерлер жазасыз қалмайды

Динара Жарқынбек
Ulysmedia

Қазақстанда жұмысшыларға ең төменгі жалақыдан төмен айлық төлейтін жұмыс берушілер жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Вице-министрдің айтуынша, құқық бұзушылық анықталған жағдайда жұмыс берушіге шара қолданылады.

-Жұмыс беруші жұмысшы жалдаса, оның жалақысы ең төменгі жалақыдан төмен болмауы тиіс. Егер бұзушылық анықталса, Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші жауапкершілікке тартылады. Мұндай фактілер бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы шара қолданады, – деді ол.

Вице-министрдің сөзінше, өткен жылдан бері осындай 18 жағдай тіркелген. Азаматтардың шағымдары негізінде жұмыс берушілерге айыппұл салынған. Биылдың өзінде еңбек қатынастарына қатысты 9 мың шағым түскен. Оның шамамен 30-ы еңбек шартын бұзу, тағы 30%-ы жалақы мен жұмыс жағдайына қатысты арыздар.

ЕҢ ТӨМЕНГІ ЖАЛАҚЫНЫ ЕСЕПТЕУ

Асқарбек Ертаевтың айтуынша, ең төменгі жалақы енді тек экономикалық көрсеткіштерге емес, еңбек өнімділігі мен медиандық жалақыға, сонымен қатар инфляция, азық-түлік себеті және адамның өмір сүру құнына қарай есептеледі.

-Есептеу жұмыстарын бастау үшін алдымен еңбек өнімділігі мен медиандық жалақы жөніндегі статистика дайын болуы керек. Әдетте бұл мәліметтер сәуір–мамыр айларында жарияланады. Сол кезде арнайы есептеу әдістемесі қолданылып, көрсеткіштер бес бағыт бойынша талданады, – деді вице-министр.