"Семей орманында" тағы бір былық шықты

Сырым Қаржас
Коллаж: ulysmedia.kz

Абай облысында «Семей орманы» орман резерватында 200 млн теңге салықтың толық төленбегені анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының тексерісі нәтижесінде «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» РММ 2024 жыл бойынша Салық кодексінің талаптарын бұза отырып, салық жөніндегі мәліметтерді толық көлемде жібермегені белгілі болды.

Салық кодексіне сәйкес, мемлекеттік орман иелері әр тоқсан сайын төлем жасаушылар мен салық салу нысандары туралы деректерді салық органдарына ұсынуға міндетті.

Нәтижесінде бюджетке 200 млн теңгеден астам салық түспей қалған.

САЛЫҚ ТОЛЫҚ ӨТЕЛДІ

Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде салықтық берешек толық көлемде өтелді.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін "Семей орманында" жарты миллиардтың көшеттері ұрланған болатын