Оңтүстік Кореядан келген әйел бар болғаны бір жылдың ішінде қазақ тілін еркін меңгеріп шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Желіде тараған видеода басты кейіпкер — қазақ тілінде еркін сөйлейтін кәріс әйел. Ол корей тілінің кәсіби оқытушысы және қазіргі уақытта Талдықорғанда тұрады.
– Мен Қазақстанда екі жылдан бері тұрамын. Қазақ тілін бір жыл бұрын үйрене бастадым. Қазақстан маған өте ұнайды! Ұнататын тағамдарым – бешбармақ, лағман және палау, – дейді ол бейнежазбада.
ҚАЗНЕТ РЕАКЦИЯСЫ
Әлеуметтік желі қолданушылары әйелдің еңбегіне риза болып, қазақстандықтарға үлгі алуға шақырды. Көпшілік пікір білдірушілердің айтуынша, елде өмір бойы тұрып, мемлекеттік тілді білмейтіндер үшін бұл жағдай – үлгі боларлық мысал.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін белгілі баспагер Шыңғыс Мұқан қоғамдағы қазақ тілінің рөліне қатысты пікір білдірген болатын.