18 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионаты: Заңғар Нұрланұлы финалға шықты

Сырым Қаржас
Қазақстан теннис федерациясы

Оңтүстік Кореяның Вонджу қаласында ITF Juniors J300 сериясындағы турнирдің финалистері анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл жарыс 18 жасқа дейінгі теннисшілер арасындағы бейресми Азия чемпионаты болып есептеледі.

ITF юниорлар рейтингінде әлемнің 23-ракеткасы саналатын Заңғар Нұрланұлы финалға жолдама алды.

Жартылай финалда қазақстандық теннисші Гонконг өкілі Николас Ченгті (135-орын) небәрі бір сағатта 6:3, 6:1 есебімен ұтты. Бұл – Заңғардың хардтағы қатарынан 10-жеңісі.

Финалда Заңғар Нұрланұлы Кал Томпсон (Гонконг) мен Куан Чеу Ченнің арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі. Финалдық матч ертең, 12 қазанда өтеді.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Заңғар Нұрланұлы Кореяда жасөспірімдер арасында өткен беделді турнирдің жеңімпазы атанған еді.