Алматыда 74 жастағы зейнеткер өз үйінде есірткі жылыжайын ұстаған (ВИДЕО)

Ulysmedia

Алматыдағы үйлердің бірінен есірткі жылыжайы анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Жылыжайға қаланың Медеу ауданының 74 жастағы тұрғыны иелік еткен.  

– Тексеру жүргізу кезінде жылыжайда есірткі заттарын өсіру фактісі анықталды. Қарасораға ұқсас өсімдік өсірілген құмыралар табылды. Сот-химиялық сараптама жасалатын болады, - деді Медеу аудандық ПБ бастығы Дәурен Өтебаев.

Қария он бес жыл бұрын "шөпке" тәуелді болғанын айтты, сондықтан оны өз бетінше өсіруді ұйғарыпты.

Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.