Үкімет сағатында мәжіліс депутаты Самат Нұртаза ішкі істер органдарының жұмысындағы жүйелі мәселеге назар аударып, бір қарағанда ұсақ көрінетін, бірақ қоғам үшін маңызды сұрақ қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Оның айтуынша, өзінің телефоны жоғалып, арыз бергеніне бір жылдан асса да, іс әлі қозғалыссыз жатыр.
– Мәселе менің телефонымда емес. Осындай жағдай мыңдаған адамда бар. Арыз жаз не жазба – бәрібір. Еш нәтиже жоқ. Осындай ұсақ-түйек көрінетін, бірақ халықтың күнделікті жүйкесін тоздыратын мәселелер неге реттелмейді?, – деді депутат.
Министр Ержан Сәденов өз кезегінде әзілге сүйенген жауап беріп, залды бір күлдіріп алды.
- Телефон алар кезде де қарау керек қой. Іздеу кезінде жоғалту себебі мен өзге де факторлар тексеріледі. Міне, әріптестеріміз – Лепехов, Әділов – отыр, таба алмай жүргендер. Маңызды мәселе, әрине, бірақ бәрібір табамыз, – деді министр жымиып.
Күлкілі жауап залды бір сәтке жайлатқанымен, депутат көтерген мәселе – күлкіге емес, жүйелі шешімге зәру. Азаматтардың қарапайым арыздары айлап, тіпті жылдап қараусыз қалуы – халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімін төмендетіп отырған күрделі мәселе.