Қарағандыдағы полиция бөлімінен әйел өлі табылды: тергеу жүріп жатыр

Сырым Қаржас
Коллаж: Ұлысмедиа

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Мәжіліс кулуарында Қарағандыдағы резонансты іс бойынша тергеу барысына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

– Қылмыстық іс қозғалды. Әртүрлі нұсқалар тексеріліп жатыр. Әсіресе адам өлімі тіркелген және оқиға орнында полицейдің болуы – жақсы жағдай емес. Маған хабар түскен сәттен бастап іс бақылауға алынды, тергеу жүріп жатыр. Нұсқалар көп, – деді министр.

КОНТЕКСТ

1 қазан күні Қарағандыдағы тірек пунктінде түнгі тыныштықты жедел қызметтің дабыл сигналы бұзған. Оқиға орнына жеткен жедел топ сұмдық жайттың куәсі болған: бір бөлмеде еденде ес-түссіз жатқан полиция майоры, ал екінші бөлмеде жалаңаш жас әйелдің мәйіті болған. Алдын ала мәлімет бойынша, тәртіп сақшысы есірткіден улану салдарынан есінен танып қалған. Ол жансақтау бөліміне шұғыл жеткізілді. Оқиға орнына Ішкі істер вице-министрі де барған.

ЗЕРТТЕУ

Бұл жағдайда Ұлыс тілшілері зерттеп көрген болатын.