Жаңа үлгідегі жүргізуші куәліктері келесі жылдан бастап беріле бастайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кенішпаевтың айтуынша, бастама 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында жүзеге асырылады.
- Дизайн өзгермейді. Жалпы біздің ұлттық жүргізуші куәліктері Жол қозғалысы туралы конвенция талаптарына толық сәйкес келеді. Қазір тек чипті алып тастау мәселесі қаралып жатыр. Бұрын берілген куәліктер өз күшінде, оларды жаңа үлгіге тек жарамдылық мерзімі біткен соң ғана ауыстыру қажет болады, – деді ол.
БАЖ
Жүргізуші куәлігін алу немесе ауыстыру үшін мемлекеттік баж көлемі бұрынғыдай қалады – 2025 жылы 1,25 АЕК (4921 теңге), ал 2026 жылы 5406 теңге болады, деп жазады kolesa.kz. Бұл төлем мөлшері Қазақстанның Салық кодексімен бекітілген және құжатта чиптің бар-жоғына тәуелді емес.