Қырғызстан президентінің жиеніне үйленбек болған Афтандил Сабырбековке қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл туралы Бішкек қаласының Бірінші май аудандық соты Kaktus.media редакциясына хабарлады.
Соттың 2025 жылғы 10 қазандағы үкімімен Афтандил Сабырбеков Қылмыстық кодекстің «Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын заңсыз дайындау және өткізу мақсатында сақтау» және «Прекурсорларды заңсыз дайындау» баптары бойынша қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталды.
Алайда ол Қылмыстық кодекстің 267-бабы, 2-бөлігі – «Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз айналымға салу» бабы бойынша кінәлі деп танылды. Сот оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Бірақ «1 күн қамауда болу – 2 күн бас бостандығынан айыруға тең» қағидасына және оның 2024 жылғы 4 шілдеден 2025 жылғы 10 қазанға дейін тергеу изоляторында отырған уақыты ескеріліп, жазасы толық өтелді деп танылды.
Сөйтіп, Афтандил Сабырбеков сот залында-ақ босатылды.
Сонымен қатар оның туысы Тариэль Сабырбеков те бірнеше бап бойынша қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталды, бірақ Қылмыстық кодекстің «Прокурор, тергеуші немесе анықтау органы қызметіне кедергі келтіру» бабы бойынша кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл жаза да толық өтелді деп саналып, ол да сот залынан босатылды.
Еске сала кетейік, Афтандил Сабырбеков Қырғызстан президентінің жиені Лаззат Нұрқожоеваға тұрмысқа шығуға ұсыныс жасағаннан кейін көпшіліктің назарына түскен болатын.