Полиция бөлімінде өлген қыз: жаңа дерек пайда болды

Ілияс Бақыт
Ulysmedia коллажы

Қарағандыдағы полицияның тірек пунктінде көз жұмған қыздың ісіне қатысты бұрын белгісіз болған жаңа мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БІР КҮН БҰРЫН

Белгілі болғандай, учаскелік инспектор қызметтік бөлмеге өзінің таныс қызын 29 қыркүйекте-ақ алып келген екен.Бұл туралы телеграмм арналардың бірі жазды.

Қазанның алғашқы күні Қарағандыдағы тірек пунктінде түнгі тыныштықты арнайы дабыл дауысы бұзды. Шақыру бойынша жеткен жедел топ бір бөлмеде еденде ес-түссіз жатқан полиция майоры, ал екіншісінде жас жалаңаш әйелдің мәйіті тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, тәртіп сақшысы есірткі дозасын асырып жібергеннен есінен танып қалған. Оны шұғыл түрде жансақтау бөліміне жеткізді. Оқиға орнына ішкі істер вице-министрі де аттанған еді.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Мәжіліс кулуарында Қарағандыдағы резонансты іс бойынша тергеу барысына қатысты сұраққа жауап берген еді. 

– Қылмыстық іс қозғалды. Әртүрлі нұсқалар тексеріліп жатыр. Әсіресе адам өлімі тіркелген және оқиға орнында полицейдің болуы – жақсы жағдай емес. Маған хабар түскен сәттен бастап іс бақылауға алынды, тергеу жүріп жатыр. Нұсқалар көп, – деді министр.

ҰЛЫСМЕДИА ЗЕРТТЕУІ

Осы және полиция қызметкерлерімен болған өзге де келеңсіз жағдайлардың Ұлыс тілшілері зерттеп көрген еді.