Биылғы қыста көлікті жылыту мәселесі қалай шешіледі? Бұл сұрақты Мәжіліс депутаттары Ішкі істер министріне жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МИНИСТРДІҢ ӨЗІ НАҚТЫ ЖАУАП БЕРМЕДІ
Алайда Ержан Саденов қазақстандық жүргізушілерге көлікті ұзақ уақыт жылыту үшін айыппұл салына ма, жоқ па дегенге нақты жауап бере алмады.
– Егер көлік балабақшалар мен тұрғын үйлерден алыс жерде тұрған болса, біз тек түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Қалай болғанда да, бұл мәселеге қатысты мемлекеттік органдардың бірлескен шешімі қажет, – деді ІІМ басшысы.
Алайда мұндай шешімнің неге әлі қабылданбағанын ол түсіндіріп бере алмады.
БҰҒАН ДЕЙІН
Мұнай-газ саласының сарапшысы және Энергетика министрлігінің бұрынғы қоғамдық кеңес мүшесі Олжас Байділдинов Астана мен Алматыдағы қоғамдық көлікте жол ақысы 500 теңге болуы керек деп мәлімдеген еді.
Байділдиновтың айтуынша, көлік компаниялары шығынмен жұмыс істеп отыр, ал қазіргі тарифтер олардың шығынын жаппайды. Мысалы, Петропавлда қоғамдық көліктегі шығынсыз жол ақысы 345 теңге болса, жолаушылар қазір қолма-қолсыз төлеммен 100 теңге, қолма-қол төлеммен 170 теңге төлейді.