Іздеуде жүрген адвокат шетелде ұсталды

Сырым Қаржас
Фото: ҰҚК

Халықаралық іздеуде жүрген елордалық коллегияның бұрынғы адвокаты ұсталып, Астанаға экстрадицияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

11 қазанда ҰҚК ҚР ІІМ Интерпол Ұлттық Орталық бюросымен бірлесіп, халықаралық іздеуде жүрген елордалық алқаның бұрынғы адвокатын шетелден Астана қаласына жеткізді.

ҚАНДАЙ КҮДІККЕ ІЛІНГЕН?

Адвокат аса ірі көлемдегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілініп, 2023 жылдан бері әділ соттан жасырынып жүрген.  Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторында қамауда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.