Дәрігерлер футболшы Диас Төлеу ауруханаға қандай жағдайда түскенін айтты

Сырым Қаржас

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы футболшы Диас Төлеудің қазасына байланысты ресми түсіндірме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Басқарма мәліметінше, Алматы Орталық қалалық клиникалық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне 2006 жылы туған футболшы клиникалық өлім жағдайында жеткізілген. Оны оқиға орнында кезекшілік атқарған жеке медициналық жедел жәрдем бригадасы алып келген.

Қабылдау кезінде футболшының тамыр соғысы мен артериялық қысымы болмаған, қарашықтары кеңейген. Медициналық бригада 30 минут бойы реанимациялық шаралар жүргізгенімен, барлық қолданылған шараға қарамастан, өмірлік белгілерді қалпына келтіру мүмкін болмады. Биологиялық өлім тіркелді.

Марқұмның денесі өлімнің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

ҚАЗА

Қайғылы жағдай 16 қазан кешкісін Бірінші лигадағы «Хан-Тәңірі» мен «Екібастұз» арасындағы матч кезінде болған. Видеоға қарағанда, Диас Төлеу кенеттен құлап, алаңнан зембілмен шығарылған.